17 наурыз 2022 15:35

Кейбір тауар арзандауы мүмкін - Жұманғарин Ресейге қарсы санкциялардың әсері туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ресейге салынған санкция Қазақстанға тауар жеткізу мәселесіне әсер етпейді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің айтуынша, керісінше ресейлік тауар бағасы төмендеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейге салынған санкция Қазақстанға тауар жеткізу мәселесіне әсер етпейді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің айтуынша, керісінше ресейлік тауар бағасы төмендеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, ешкім тауар тасымалын тоқтатқан жоқ. Кепілдік беремін. Қазақстанға ешқандай санкция салынбайды. Әрине, логистикалық жағынан проблемалар бар. Оларға 2020 жылы наурызда басталған пандемиядан бері үйренуіміз керек еді. Сондықтан логистикалық жағынан мәселе өзгеруі мүмкін. Қазір бірінші кезекте осы жүйе бойынша жұмыс істеліп жатыр", - деп түсіндірді Жұманғарин Мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Сонымен қатар, ол Ресейге қатысты санкцияларға байланысты Қазақстанда ресейлік тауар арзандауы мүмкін екенін айтты.

"Санкция кезінде кейбір тауар түрі арзандауы да мүмкін. Өйткені Ресей үшін экспорттайтын мемлекетпіз. Ресеймен арадағы сыртқы сауда айналымы 40 пайызға жуық болады. Бұл бір жағынан жақсы, бірақ санкцияға байланысты кері тұстары да бар. Дегенмен бұл мәселеде тауар көлемі төмендемейді", - деп қосты ол.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының айтуынша, бұл - бағам айырмашылығына байланысты болатын табиғи процесс.

"Бірнеше рет айттым, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрінің жартысы бойынша импортқа тәуелдіміз. Қазір жалғыз сұрақ бағам айырмашылығына байланысты болып отыр. Бірақ бұл - табиғи процесс. Ішкі өндірісті дамыту қажет. Бұл - салалық министрліктерге қатысты мәселе", - деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети