24 наурыз 2022 11:52

КҚК апатына байланысты Қазақстанда жанар-жағармай арзандай ма? Сарапшы пікірі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалындағы жағдайға байланысты жанар-жағармай, оның ішінде бензин бағасы төмендеуі мүмкін. Мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалындағы жағдайға байланысты жанар-жағармай, оның ішінде бензин бағасы төмендеуі мүмкін. Мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осылай істеуге мәжбүр болады. Есіңізде болса, Ресей Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына көшіп, ал біз Еуро-2 және Еуро-3 өндірген кезде осындай болған. Ресей Еуро-4-тен төмен мұнай өнімдері айналымына тыйым салғанда, бізде қор көбейді, содан кейін баға төмендеді. Бұл Қазақстанның ішкі нарығында қордың көбеюіне байланысты. Ол қайда барады? Олар не зауыттар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады, өйткені мұнай қоймалары толып қалады немесе мұнай өнімдерінің сатып алынған қоры тұтынылуы үшін бағаны төмендетеді", - деді Смирнов.

Бір күн бұрын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында мұнай құю толығымен тоқтатылды, бірақ цистерналар бейсенбінің аяғына дейін ғана жұмыс істейтіні белгілі болды. Бұл туралы РИА Новости КҚК басшысы Николай Горбанға сілтеме жасап хабарлады. Қазақстандық сарапшы Сергей Смирновтың айтуынша, мұнайдың бір бөлігі біздің зауыттарға "келеді".

"Мұнай қоймаларында жүктеме олады, оларды босату және зауыттар жұмысын жалғастыру үшін мұнай өнімдері бағасын төмендетуге тура келеді. Мен басқа нұсқаны көріп тұрған жоқпын", - деп қосты Сергей Смирнов.

23 наурызда Қара теңіздегі қатты дауыл салдарынан Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбыр жүйесі зақымдалғаны белгілі болды. Ресей энергетика вице-министрі Павел Сорокиннің айтуынша, екі зақымдалған жүйені жөндеу 1,5-2 айға созылуы мүмкін, бұл мұнай экспортының күніне шамамен бір миллион баррель мөлшерінде төмендеуіне әкеледі.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі КҚК терминалындағы апатқа байланысты мұнай тасымалдаудың баламалы бағыттары пысықталып жатқанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети