03 ақпан 2014 13:17

Қытайдағы мереке алтын бағасын түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай мемлекетінің бағалы металл тұтынушылары сұранысының күрт төмендеп кетуі әлем сарапшыларын бір дүрліктіріп алды. "Алтын құны құлдырап кетті. Бұл үдеріс қашанға дейін жалғасады белгісіз" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржадағы жағдайға сараптама жасаған "Қазақмыс" корпорациясы өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Сарапшының айтуына қарағанда, алтынға сұраныстың жоқтығы Қытай биржасының 31 қаңтардан бастап он күнге Жаңажылдық мерекеге жабылып қалуына байланысты. Алайда соңғы сауда күні Лондон мен Нью-Йорктегі алтын бағасы әртүрлі құбылса, күміс құны төдендеп кеткен көрінеді. Мәселен, NYMEX Нью-Йорк сауда биржасындағы алтын 1242,2-ден 1240 долларға арзандаса, күміс троя унциясына шаққанда 19,11-ден 19,10 долларға төмендеген. Ал London Fixing Лондон биржасында алтын 1242,5-тен 1251 долларға қымбаттап, керісінше күмістің троя унциясына шаққандағы бағасы 19,41-ден 19,31 долларға дейін жоғарылаған екен. Әлемдік сарапшылар мәлімдегендей, жуырда алтынның нарықтағы бағасының төмендеу тренді байқалатын болады. Бұл жерде Қытайдың бірнеше күн демалып, биржасының жабық тұруы айтарлықтай әсер етпек. Сонымен қатар, олар "алтынның бағасы унцияға шаққанда 1230 долларға дейін төмендеуі әбден мүмкін. Ал бұл жағдай дамушы нарықтағы жағдайдың ахауалына тікелей қатысты" дейді. Белгілі болғандай, АҚШ-тың Федералдық резервті жүйесі ел экономикасын ынталандыруды әлсірете бастағалы бері, әлеуетті инвесторлар тарапынан сенімді құнды қағаздарға деген сұраныстары біршама артып, өз қазанында қайнап жатқан нарықта активтер саудасы қызу жүрген болатын. "Иә, енді Федералдық резервті жүйесінің ынталандыру бағдарламасына шектеу қойылып отыр. Оған ешкім таңқалмауы тиіс. Өйткені АҚШ экономикасы дәл қазір қарқынды даму кезеңінде тұр. Доллар бағамының нығаюы мен қор нарығының артуы айналып келгенде алтын бағасының арзандауына әкеп соқты" дейді MarketWatch агенттігіне, Wescott Financial Advisory басқарушы директоры Ричард Готтерер Investcafe компаниясы таратқан ақпаратқа сенсек, алтынға қауіп шынымен де Федералдық резерв жүйесі жақтан. Олар көлем бойынша жеңілдік бағдарламасын 2014 жыл соңына дейін мүлде тоқтатпақ. Бұл тұрғыда мамандар "америкалық қор индексінің пайыздық ставкасының өсуі бағалы металдардың инвестициялық тартымдылығына кері әсер етпек" деген пікір таратуда. Standard Bank мәлімдемесін алға тартсақ, арнайы қор биржа қоймаларында алтын көлемі жыл басынан бері 28 тоннаға азайған. Сарапшылардың ойынша, "алтын бағасының осылай құбылуы дамушы елдердегі дүрбелеңге де байланысты". "Алайда орталық банктердің бірігіп жұмыс істегендерінде жағдай осылай ушықпас па еді" дейді кейбір мамандар, "ал енді қауіпсіз активтер назарға ілігіп, тергеу-тексеруге алынуы әбден мүмкін" дейді сонымен қатар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети