18 наурыз 2018 15:22

Маңғыстау облысында түйе сүтінен балмұздақ пен қуаттандыратын сусын дайындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында түйе сүтінен балмұздақ пен қуаттандыратын сусын дайындалады, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.


Маңғыстау облысында түйе сүтінен балмұздақ пен қуаттандыратын сусын дайындалады, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметтері бойынша, бұл өндіріске араб технологиясы қолданылмақ. Облыс кәсіпкерлері сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесі бойынша балық шаруашылығы, көкөніс қоймасы мен теңіз суын тұщытатын зауыт салуды көздеп отыр. Абу Дабиге жұмыс сапарымен барған маңғыстаулық делегация әмірліктің сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Біріккен Араб Әмірліктері мен маңғыстаулық кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнады. "Каспий" әлеуметтік корпорациясы мен құрамында 17 мың өндіріс ошағы бар Абу Даби сауда-өнеркәсіп палатасы инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

"Бүгін қол қойылған меморандум екі ел кәсіпкерлері үшін де тиімді болмақ. Болашақта бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақпыз. Біз мұнай-газ, шикізаттық емес саланы дамытуға, ақпараттық технология мен ауылшарашылық салаларындағы ортақ жобаларды қарастыруға дайынбыз", - деді Абу Даби сауда өнеркәсіп палатасының бас директоры Мұхаммед әл Мұхайри.

Телеарнаның хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Маңғыстауда бірқатар жобаны жүзеге асыру көзделуде. Озық технологиямен теңіз суын тұщытатын зауыт салынбақ. Тәулігіне 50 мың текше метр суды сүзетін кәсіпорын Құрық ауылында бой көтереді. Көкөніс сақтайтын қойманың құрылысына да араб технологиясы мен инвесторларын тарту жоспарлануда. Жобаның құны - 2 миллиард 700 миллион теңге.

"Балық шаруашылығын өндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соған инвестиция құю мәселесі бойынша жоба тұр. Нақтырақ айтатын болсақ, 744 миллион теңгеге жуық инвестиция қажет. Балық өндіру бойынша БАӘ-да озық технологиялар бар. Сол озық технологияларды қарастырып, инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізіледі", - деді "Каспий" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Лесбек Ілебаев.

Маңғыстаулық делегация Дубайдағы түйе сүтін өндіретін ірі зауыттың жұмысымен танысты. Мұнда ірі қараның сүтінен балмұздақ, ірімшік, шоколад пен түрлі сусындар дайындалып, әлемнің бірқатар еліне экспортталып жатыр. Қазақ іскерлері әмірліктің тәжірибесін пайдаланып, түйе сүтінен балмұздақ пен қуаттандыратын сусын өндірмекші. Жобаның құны - 210 миллион теңге. "Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Маңғыстауда мүмкіндік бар", – дейді өңір басшылары. Биыл аймақта мол сүт беретін аруана түйелері өсіріле бастады.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети