Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Мереке қарсаңында доллар бағамы өсті 20 наурыз 2023, 15:55

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,15 теңгеге көтеріліп, 462,36 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 18-20 наурыздағы ресми бағамы - 460,79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 460,97 теңге, сату – 465,19 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 460,13 теңгеден сатып алынып, 463,93 теңгеден сатылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram