06 маусым 2022 12:03

Министр газ қымбаттауын қалай тежеу жоспарланып отырғанын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақов газ қымбаттауын қалай тежеу жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Болат Ақшолақов газ қымбаттауын қалай тежеу жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"180 күннен кейін газ бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін Энергетика министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп Қазақстанның ішкі нарығында сатылатын сұйытылған мұнай газы айналымын бақылауға алады. Сонымен қатар, министрлік "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға толықтырулар пакетін әзірледі, бұл сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасын белгілеу бойынша Энергетика министрлігі құзыретіне жатқызылады", - деді ведомство басшысы.

Заңнамаға тиісті түзетулер әзірленген және "Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен бірге Мәжіліске жолданады.

"Біз алдағы 180 күнде тыйым салуды емес, бақылауды енгізуді ұсынып отырмыз. Егер заңға түзетулер енгізіліп, заңда шекті бөлшек сауда бағасын белгілеуге құқық берілсе, оның ішінде көтерме саудада қандай да бір дәліз құру қажет болуы мүмкін. Бірақ алдағы 180 күн ішінде біз көтерме бағаларды бекітетін режимде боламыз, бірақ бөлшек сауданың ең жоғарғы бағасын бекіте алмаймыз. Келесі жылдан бастап заң күшіне енеді, біз бөлшек сауданың шекті бағасын заңнамалық түрде белгілейміз", - деп түсіндірді Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік органдар тарапынан бөлшек сауда бағасын реттеу тетігінің жоқтығынан бағаның көтерілу қаупі бар, бұл сұйытылған газ тапшылығына да байланысты.

"Көлем тапшылығының негізгі себептерінің бірі - көлеңкелі экспорт, бұл кейіннен халық үшін сұйытылған мұнай газының тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне әкеледі. Қазіргі уақытта министрліктің ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының айналымы мен экспортын жедел (нақты уақыт режимінде) бақылауға құқығы жоқ", - деді ведомство басшысы.

Ақшолақов елімізде сұйытылған газ өндірісі өспей жатқанын, "тозығы жеткен зауыттарды жиі жөндеуден өткізу сұйытылған газ өндірісінің төмендеуіне әкеліп соғатынын" атап өтті.

"Қазіргі уақытта Үкімет ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында зауыттан көтерме сату бағасын тоннасына 28 мың теңге немесе литріне 16 теңге деп белгіледі. Тиісінше, төмен бағалар өндірістің өсуін ынталандырмайды, өйткені өндірушілер қазіргі уақытта шығынмен жұмыс істеп жатыр және мұндай жағдайда жұмысын жалғастыра алмайды", - деп қосты Болат Ақшолақов.

Еске салайық, биыл 6 қаңтарда Үкімет әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдаған болатын. Атап айтқанда, газ, бензин және дизель отынының шекті бағасы белгіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети