25 мамыр 2022 12:26

Министр теңге неліктен нығайып жатқанын түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кейінгі күндері теңге неліктен нығайып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, бағам нақты, Ұлттық банк интервенция жүргізбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кейінгі күндері теңге неліктен нығайып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, бағам нақты, Ұлттық банк интервенция жүргізбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуантыров теңгенің көктемгі құлдырауына бірнеше фактор себеп болғанын, соның бірі халықтың дүрлігуі екенін айтты.

"Бизнестің кейбір түрлері, халықтың бір бөлігі жаппай доллар сатып ала бастады. Тиісінше, теңге бағамына қысым жасалды. Содан кейін жағдай тұрақталды, қазір жағдай әлдеқайда жақсы екенін көріп отырмыз. (...) Ұлттық банк кейінгі айларда интервенция жүргізген жоқ. Сәуір мен мамырда өткізілмеді. Қазір бағам нақты", - деді министр.

Ол наурызда Үкімет бюджетті қайта қарап, бір доллар үшін 460 теңге деңгейінде болжамды бағам белгілегенін нақтылады. Қуантыров қазақстандықтарға бұл көрсеткішке назар аударуға кеңес берді.

"Бізде экономика өсімі бар, 4 айдың қорытындысы бойынша 4,4 пайыз болды. Оған бірқатар фактор әсер етті. Ең бастысы, Үкімет монетарлық билікпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, экономиканы тұрақтандыру және жағымсыз факторларды азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", - деп атап өтті Қуантыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети