06 маусым 2022 08:38

Мұнай бағасы күрт өсті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Сауд Арабиясы шілдеде мұнай бағасын күрт көтергеннен кейін мұнай қымбаттады, - деп хабарлайды Reuters.


Сауд Арабиясы шілдеде мұнай бағасын күрт көтергеннен кейін мұнай қымбаттады, - деп хабарлайды Reuters.

Дүйсенбіде сауданың басында Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,5 пайызға, барреліне 121,52 долларға дейін өсті. West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстері үш айдағы ең жоғары көрсеткішке жетіп, 1,4 пайызға, барреліне 120,50 долларға дейін өсті.

Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының мәліметінше, Сауд Арабиясы араб мұнайының Азияға ресми сату бағасын (OSP) маусымдағы Оман мен Дубайдағы орташа 4,40 доллармен салыстырғанда, 6,50 долларға үстеме ақымен көтерген.

Бұл қадам мұнай экспорттаушы елдер мен ОПЕК+ деп аталатын одақтас ұйымның шілде-тамыз аралығындағы өндірісті күніне 648 мың баррельге немесе бұрын жоспарланғаннан 50 пайызға арттыру туралы шешіміне қарамастан жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети