06 желтоқсан 2015 15:38

Оңтүстік Қазақстанда шаруалар лимон мен банан өсіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ladymadonna.ru © ladymadonna.ru

Оңтүстікқазақстандық шаруалар жылыжайда көкөніспен қатар лимон мен бананды да өсіріп жатыр, - деп хабарлайды 24.kz.


Оңтүстікқазақстандық шаруалар жылыжайда көкөніспен қатар лимон мен бананды да өсіріп жатыр, - деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат құралының мәліметінше, диқандар тропикалық жеміс ағашының көшетін өздері қолдан көбейтіп, одан мол өнім жинай бастаған. Қазығұрттық бағбандар бірер жылда ішкі нарықты толықтай отандық өніммен қамтамасыз етуге қауқарымыз жетеді деп отыр. Шаруалар алғашқы өнімдерін Ресей мен Қазақстан нарығына жөнелтіп те үлгеріпті. Дегенмен көпшілікке тропикалық жемістің жергілікті жерде өскенін дәлелдеу қиынның-қиыны болды дейді шаруа.

"Көбі сенбейді. Сонда телефонға түсіріп алғанымды көрсеттім, сонда ғана сенді. Өзіміздің өнімді қолдайық деп алып жатыр", - деді "Даян" шаруа қожалығының құрылтайшысы Манатәлі Таңсықбаев.

Оның айтуынша, қызанақ пен қиярға деген сұраныс азайып, бәсекелестік артқан сәтте бірден лимон өсіруге көшіпті.

"Тұрған сайын қызара береді. Бұны тергеннен соң, жәшікке салып, клеенкамен жауып қойсақ, сарғаяды. Бір ағаштан 30-35 келіге дейін өнім алғанбыз. Қазір де алып жатырмыз. Жалпы 6 жылдан кейін бір ағаш 100 келіге дейін өнім береді", - дейді ол.

Бағбандар өнімділігі жоғары лимон көшетін өздері жергілікті жерге бейімдеп өсіріп жатыр. Істің көзін таба білетін шаруалар енді жылыжай ішіне бірнеше түп банан ағашын да отырғызыпты.

"Лимонның көшеті ыстыққа да, суыққа да өте шыдамды. Мысалы, осылай күн шықса, жылыжай іші 50-60 градусқа дейін ысиды. Соған шыдайды. Күн 0 градусқа дейін суытса да шыдай береді. Ал банан шыдамайды екен", - дейді шаруа қожалығының төрағасы Оспанәлі Таңсықтаев.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети