10 қараша 2014 13:12

Отандық кәсіпорындар киім-кешекті Италиямен бірлесіп өндіргісі келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстанның өнеркәсіпшілері Италиямен бірлесіп аяқкиім мен киім-кешек өндіргісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худоваға сілтеме жасап.


Қазақстанның өнеркәсіпшілері Италиямен бірлесіп аяқкиім мен киім-кешек өндіргісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худоваға сілтеме жасап.

Астанада Қазақстан-Италия бизнес-форумы өтіп жатыр, оны ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов ашты. Италиялық делегация құрамында 80 компанияның - агроөнеркәсіп кешені, тоқыма өнеркәсібі мен құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өкілі бар. Қазақстаннан ұлттық компаниялардың 200-ге жуық өкілі қатысып жатыр.

"Ынтымақтастықтың бірнеше нұсқасы бар - fashion-индустриядағы жобалар, бұл - дизайнерлерді, құрастырушыларды, технологтерді оқыту. Қазір біздің нарыққа қытай мен түрік өнімдері келіп жатыр. Біз италиялық әріптестеріміздің көмегімен модельерлерімізді оқытып алғымыз келеді. Біз жобамызды өз министрлігіміз бен елшілігімізге ұсындық. Сондай-ақ аяқкиім өндіру, тері-галантерея өнімі бойынша бірлескен кәсіпорындар құру жөнінде ұсыныстар бар. Бізде, айталық, әйелдер шұлығын өндіру жөніндегі бір компания итальян жабдығымен жарақтандырылған", - деді Худова бизнес-форумның үзілісінде Tengrinews.kz-тің сұрағына.

"Бүгінде Қазақстан теріні өңделмеген күйде экспорттайды да, дайын өнімді алады. Біз осыны қайта бағдарлауды қаладық, енді шикізатты емес, дайын өнімді экспорттауды қалаймыз. Сондықтан аяқкиім, киім-кешек, трикотаж кенебін өндіру жөнінде бірлескен кәсіпорындар құрғымыз келеді. Бізде итальян жабдығы қойылған кәсіпорын бар, бірақ италиялық сарапшылардың кеңесі мен ноу-хау керек. Мысалға, Zara - әрине, біздің халықаралық сауда желісіне кіру арманымыз, ол коллекцияларды өзімізде тіккіміз келеді. Бізде нақты артықшылықтар да бар - кадрлық әлеует, тігін фабрикаларының жақсы жарақтандырылуы", - деді Худова. 

Ал Италия экономикалық даму вице-министрі Карло Календа Италияның бірлескен кәсіпорындарды үнемі инвестициялайтынын айтты. "Сән саласына келсек. Біз бірлескен кәсіпорындар құруды үнемі инвестициялаймыз, олар - орташа кәсіпорындар. Сондықтан сән саласындағы кәсіпорындарымыз шетелге шыққан кезде жергілікті өндірушілерді тауып, олармен ынтымақтастық жөнінде уағдаласып жатады", - деді ол.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети