11 мамыр 2016 12:12

Парламенттегілер қазақстандықтардың даулы офшорлар тізімінде бар болып шығуына қатысты пікір айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© journal-neo.org © journal-neo.org

Парламенттегілер қазақстандықтардың даулы офшорлар тізімінде бар болып шығуына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламенттегілер қазақстандықтардың даулы офшорлар тізімінде бар болып шығуына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистік тергеулердің халықаралық консорциумы (ICIJ) 9 мамырда панамалық Mossack Fonseca заңгерлік фирмасының 200 мыңнан аса клиенті жайлы мәліметі бар толық мәліметтер базасын жария етті. Қазақстандықтардың тізімін мына жерден көруге болады. 

Жалпы отырыста "Ақ жол" фракциясының депутаты Азат Перуашев осы тақырыпқа байланысты премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауалын оқыды.

"Биылғы сәуірде Журналистік тергеулердің халықаралық консорциумы әлем бойынша кәсіпкерлер мен шенеуніктердің офшорлық кестесін қолдануының мәліметтерін жария етті. Бұл оқиғалар "панамалық дау" деген атауға ие болды, себебі оған панамалық ірі заңгерлік компания негіз болды. Офшор аймақтары салық салуды жетілдіруде ғана қолданылмайтыны белгілі, сонымен қатар, бюджет қаражатын жымқыру мен жемқорлық үшін де қолданылады. Осыған байланысты жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің офшор есепшоттарының болуы туралы мәлімет көптеген елде шу шығарды. Исландияның премьер-министрі отставкаға кетті, ал Ұлыбританияның премьер-министрі баспасөзге түсінік беруге мәжбүр болды", - деді депутат. 

Үш күн бұрын, 9 мамырда панамалық құжаттар ашық Интернет кеңістігінде жария болды. Онда Қазақстаннан офшорлық аймақтарға қатысушылардың тізімі де келтірілген, кейбір мәліметтер бойынша, онда 265 жеке тұлға, сегіз компания, жеті делдал және 243 заңгерлік мекен-жай болған. Тізімнің негізгі бөлігінде жеке бизнес өкілдері тұр. Олардың есепшоттарындағы қаражаттың заңсыз пайда болуы жайлы тікелей дәлелдер болмаса немесе олардың мемлекеттік құзыретті, ресурстарды пайдаланумен байланысы болмаса мұндай капиталды қолдану жеке мүлік ұстанымымен және нарық экономикасының заңымен кепілдендірілген. Оның үстіне, бірқатар жағдайда бизнестегі заңнамалық нормалар мен ережелер офшор құзыреті арқылы жұмыс істеуді қарастырады. Даулы баяндаманың авторы офшор иелерінің міндетті түрде заңды белшесінен аттамағанын бекер атап өтіп отырған жоқ. Алайда, баяндаманың авторының айтуынша, бұл құжаттар шенеуніктердің әлем бойынша мемлекеттік компаниялардан қаражат алып, оны өз қалтасына салғанын, солайша әділ емес әрі бизнеске дым қатысы жоқ әрекетттер жасағанын айтып отыр. Сондықтан егер мүндай күдіктер болса, мұны құқық қорғау органдары тексеруі керек. Сонымен қатар, бұл тізімде қазақстандық үкіметтің қазіргі мүшесі, аудан әкімі, мемлекеттің қатысы бар бірнеше кәсіпорынның басшылары бар. Олардың ішінде Сағадиев мырза ғана түсінік берді, ол мемлекеттік қызметке келгенге дейін бизнеспен көп жыл бойы айналысқанын айтты , - деді Перуашев. 

"Қазақстаннан оффшор аймақтарына қаражат әкету туралы проблеманы Ақжол демократиялық партиясы 2012 жылдың 3 сәуіріндегі және 25 қыркүйегіндегі, 2014 жылдың 15 қаңтарындағы, 2015 жылдың 13 мамырындағы депутаттық сауалында көтерген болатын, ал 2014 жылдың 16 сәуірінде біз үкіметке қазақстандық экономиканың деофшоризациялануы бойынша шараларды ұсынған болатынбыз. (...) Біздің пікірімізге, шенеуніктер мен олигархтардың қашуын күтіп отырмай, мұндай тенденцияларды болдырмайтын заңнамалық жағдай жасауымыз керек. Себебі экспортқа қойылған жемқорлық мемлекеттің қаржы мүмкіндіктерін төмендетеді, әділ бизнесті әлсіретеді, әділ жолмен келген байлықтың сенімін жояды. Осының негізінде "Ақ жол" біріншіден ұлттық экономиканың деофшоризациялануы туралы шаралар туралы хабарлауды сұрайды, екіншіден, "Офшор аймақтары арқылы жүзеге асырылатын қызметті реттеу туралы" заң жобасын жасап, оны парламентке өткізу туралы мәселені қарастыру", - деді мәжілісмен. 

Ал қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламенттің үзілісінде офшорларға байланысты жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Тізіммен таныстыңыз ба деген сұрақ қойылғанда министр бұған қатысты пікір айтқысы келмейтінін жеткізді. 

"Біз өткен жылы Страсбург конвенциясына қол қойдық, бұл көптарапты конвенция, ол Қазақстанның мәліметтер айырбасына қатысып, оны жүзеге асыруды қарастырады, біз қазір өзге елдермен айырбас бойынша екіжақты келісімдерді дайындап жатырмыз. Екі реттік салық салу туралы конвенцияны модернизациялау бойынша үлкен жұмыс атқарып жатырмыз, ол салық органдарымен мәліметтер алмасуды қамтамасыз етеді, мұның барлығы сондай қаражаттарды табу мақсатында осындай ақпараттар арнасын жасау үшін қойылады (...)", - деп мәлімдеді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети