Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ресейлік Polymetal Қазақстандағы алтын кен орнына 640 миллион доллар инвестиция салмақшы

03 Қыркүйек 2014, 19:06
0
Алтын түйіршектері. ©REUTERS
Алтын түйіршектері. ©REUTERS

Ресейлік алтын өндіруші Polymetal компаниясы Қазақстандағы "Қызыл" алтын кен орнына 640 миллион долларға дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр, - деп жазады "Коммерсантъ". Компания Ресейдегі кен орындарының көбісін дамытуды тоқтатып, "Қызыл" жобасына бет бұрғаны хабарланды.

Басылымдағы мәліметтер бойынша, Polymetal компаниясының бас акционері - Петр Келлнердің PPF Group және Александр Несистің ИСТ группасы және кәсіпкер Александр Мамут "компания Ресейдегі бірқатар жобасын доғара тұрып, 2018 жылға дейін "Қызыл" жобасын дамытуға барынша назар аударады" - деп мәлімдеген. Алайда сарапшылар мұндай қадамды кұп көргенімен, бұл кенішті игеру технологиялық жағынан күрделі екенін ұмытпауды еске салады. Өйткені "Қызыл" кенішінің бұрынғы қожайындары қатты рудаларды игеруде белгілі бір қиындықтарға тап болған.

Polymetal басшысы Виталий Несистің айтуынша, компания ресурсын қауіп-қатер тәуекелі төмен, болашақтағы өсімі жақсы, шығыны аз жобаларға бағыттайды. Алдында Polymetal "Қызыл" кенішіне иелік ететін  Altynalmas Gold Ltd компаниясын 618,5 миллион долларға сатып алатыны хабарланған. Бұл келісімшартқа 2014 жылдың соңына дейін қол қойылуы мүмкін.

Басылым келтірген дерек бойынша, Altynalmas-тың бенефициары қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев. "Қызыл" кен орнында "Бақыршық" (қоры - 6,7 миллион унция алтын, металл құрамы - 1 тоннасында 7,5 грамм) және "Большевик" (қоры - 0,8 миллион унция алтын) кеніштері бар.

Бұл кен орны Polymetal компаниясы қорының көлемі 50 пайызға, яғни 19,7 миллион унцияға өсуіне мүмкіндік береді деп хабарланды. Сондай-ақ сатылымдағы алтын құрамын 80 пайызға дейін арттыруға ықпал етеді. 2015-2018 жылдары "Қызыл" кен орнына салынатын инвестицияның көлемі 440-640 миллион доллар деп бағаланады, ал 2018 жылы кенді игеруді бастау жоспарланған.

Еске сала кетелік, былтыр Polymetal "Қызыл" кен орнының құрамына енетін "Бақыршық" кенішін 500 миллион долларға сатып алатыны хабарланған. Ол кезде "Бақыршықтың" қоры 5,76 миллион унция алтынды құрайды деп бағаланған.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай