17 наурыз 2022 14:51

Ресейліктер Қостанайдан жаппай көлік сатып алып жатыр - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ресей азаматтарының қазақстандық нарықтағы жаңа көліктерге деген сұранысы артты. Бұл орайда Қостанайдағы дилерлік орталықтағы көліктерге сұраныс 10 есе артқан. Бұл туралы inbusiness.kz басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей азаматтарының қазақстандық нарықтағы жаңа көліктерге деген сұранысы артты. Бұл орайда Қостанайдағы дилерлік орталықтағы көліктерге сұраныс 10 есе артқан. Бұл туралы inbusiness.kz басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылар бұған Еуропадан келген дайын көліктер мен Ресейдегі әлемдік көлік өндірушілерінің зауыттарының жұмысының тоқтауы себеп болғанын айтты.

"Саяси жағдай өзгергенге дейін сұраныс саны бірқалыпты болды. Көбіне сұраныс жеке жабдықтары бар сәнді көліктерге түсетін. Қазір отандық көлікті сатып алу туралы сұраныстар бойынша онлайн да, офлайн да сұраныс 10 есеге артты. Бізде шығарылған көліктерді сатып алу туралы өтініштер де түсіп жатыр", - деді дилерлік автоорталықтың сату жөніндегі директоры Евгений Бибер.

Шетелдіктерді Қазақстан нарығындағы көлік құны да қызықтырады, ал Ресейде техника бағасы күрт өскен.

"Мысалы, Ресей аумағында жұмыс істейтін қытайлық концерндердің бірі бағаны 50 пайызға дейін жаңартты. Жергілікті дилерлер әзірге бағаны көтерген жоқ. Қазақстанда жасалған көлікті 5,8 миллион теңгеден бастап сатып алуға болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети