02 қыркүйек 2015 16:05

Сарапшы жаңа ақша-кредит саясатының банктерге қалай әсер еткені жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов Ұлттық банк жаңа кредит-ақша саясаты жағдайында валюта тәуекелдерін төмендету үшін қолдануы тиіс шаралар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды ORTCOM.KZ.


Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов Ұлттық банк жаңа кредит-ақша саясаты жағдайында валюта тәуекелдерін төмендету үшін қолдануы тиіс шаралар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды ORTCOM.KZ.

Экономист инфляциялық таргеттеу режиміне көшу экономиканың дамуына жағдай жасайтыны сөзсіз екенін атап өтті. Оның тағы бір жақсы жағы ретінде МЗО басшысы орташа мерзімді келешекте теңге бағамын тұрақты болжамдауға болатынын атады. Бұл қазақстандық кәсіпкерлерге де, шетелдік инвесторларға да ұзақ мерзімді даму бағдарламаларын құруға мүмкіндік береді.

Алайда қаржы реттегішінің саясатына бірқатар өзгерістер енгізу қажет, онсыз жаңа режим экономикаға салмақты пайда бере алмайды. "Біріншіден, халық пен бизнестің теңгеге деген сенімін арттыру үшін теңгелік кепілдік беруді енгізу қажет", - деді спикер.

Естеріңізге сала кетсек, бұл шара бір жыл ішінде ұлттық валюта бағамы 6 пайыз артық әлсіресе, теңгелік депозиттер аясында қаржының қалпы келуіне кепілдіктерді білдіреді. "Келесі тармақ - екінші деңгейлі банктерге жұмыс істемейтін кредиттерді қайта құрылымдауға көмектесу. Бұл ресми ғана емес, нақты қолдау болуы тиіс. Босаған қаражат жалпы экономиканы жандандыру үшін бизнесті несиелеуге жіберілуі мүмкін", - деп атап өтті Олжас Құдайбергенов.

Бұған қоса оның пікірінше, ЕДБ жеке секторға қарыз қаражатын көбірек бере алуы үшін валюталық депозиттерді теңгеге ауыстыру қажет. "Осы шаралардың барлығы экономикаға серпін береді. Жаңа кредит-ақша саясаты жағдайында экономикалық өсуді қамтамасыз етеді", - деп қорытындылады сарапшы.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети