Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Шетелдік мамандар мұнай бағасына қатысты болжамдарын жария етті

12 Наурыз 2016, 11:41
0
© cont.ws
© cont.ws

Сарапшылар мұнайдың ең төмен бағасы артта қалды деп есептейді, - деп хабарлайды РБК

Халықаралық энергетикалық агенттік пен Goldman Sachs қара алтын нарығындағы қазіргі жағдай мен оның болашағы жөніндегі баяндамаларды жариялады. Сарапшылардың тұжырымы бойынша, мұнай өндіру көлемін қысқарту бағаның төмендеуін тоқтатып қана қоймай, жақын арада оның көтерілуіне ықпал етеді. ХЭА мұнай бағасына қолдау көрсетуші факторлардың арасында Нигерияның, Ирактың және БАӘ-нің өндіріс көлемін төмендетуі және жақында доллардың әлсіреуі бар деп атады.

Goldman Sachs сарапшыларының болжамы бойынша, 2016 жылдың екінші тоқсанында WTI маркалы мұнайының әр баррелі 25-45 доллар аралығында бағаланады (бірінші тоқсанда болған 20-40 доллардың орнына), ал екінші жарты жылдықта 40 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

РБК жүргізген сауалнамада сарапшылар ХЭА мен Goldman Sachs-тің оптимистік болжамдарымен келісті, олар да мұнайдың ең төменгі бағасы қаңтар айында болды, енді баға ол деңгейге дейін түспейді деп есептейді.

"Егер ОПЕК мүшелері мен мұнай өндірушілер кездесіп, өндіріс көлемін азайту немесе тоқтата тұру жөнінде келісімге келсе, онда қысқа мерзім ішінде баға шарықтайды, бірақ кейін заңды түрде қайта түседі", - деді "Атон" ЗК мұнай-газ сарапшысы Александр Корнилов. Оның айтуынша, келісім жасалған күннің өзінде нарықтағы теңесу 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейін болмайды. Сарапшының болжамы бойынша, алдағы екі айда қара алтынның бағасы 30-35 доллар аралығында құбылады. Бірақ 2016 жылдағы орташа баға 40 доллар болады. 

Raiffeisenbank сарапшысы Андрей Полищук те жақын арада мұнайдың бағасы 35-50 доллар аралығында құбылады деп отыр. Жыл басынан бері Bloomberg жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, 25 банк пен зерттеу компаниялары 2016 жылы мұнайдың орташа бағасы 39,5 доллар болады деп болжады. Ең жоғары бағаны Citigroup болжады - 52 доллар, ең төмен баға Prestige Economics-те - 27,3 доллар.​

Astenbeck Capital Management LLC инвестқорының өкілі Энди Холл да мұнай өндірісін қысқарту бағаны көтереді деген ойда. "Нарық шегіне дейін жетті деп тұжырымдауға толық негіз бар", - деді Холл. Оның ойынша, мұнайдың әлемдік нарығы теңдікке жақын қалды, себебі қазіргі бағаның деңгейі ұсынысты азайтады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай