22 қараша 2022 12:56

Шымкентте екі ірі жанармай құю станциясы дизель тапшылығын тудырды деп айыпталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті екі ірі жанармай құю бекеті желісіне тапшылық туғызғаны үшін ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті екі ірі жанармай құю бекеті желісіне тапшылық туғызғаны үшін ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство Шымкентте жанар-жағармай құю бекеттеріндегі дизель отынының тапшылығы дерегі бойынша тексеріс жүргізілгенін хабарлады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде SINOOIL және "Гелиос" жанармай құю бекеттеріндегі шектеулерге тұрғындар наразы болған еді.

"ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, тауарларды өндіруге немесе өткізуге негізсіз шектеулер қоюға тыйым салынады.

Осыған байланысты департамент тарапынан Кодекстің 199-бабы 1-тармағына сәйкес SINOOIL жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шымкент қаласындағы филиалдарына және "Гелиос" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ескертулер берілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети