Теңге әлсіреді

20 Маусым 2017, 11:21
0
Теңге әлсіреді -

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 321,06 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 19 маусымдағы доллар бағамы 319,51 теңге болған еді. 

20 маусымдағы таңғы сауданың бірінші келісімі 320 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды, ал максималдық құны 321,4 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 87,8 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 320-321,7 теңге аралығында. Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 46,95 доллар болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай