© Тұрар Қазанғапов
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында доллар 321,43 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, кеше күндізгі сессияда доллар бағамы 323,24 теңге болған.

29 маусымдағы таңғы сессияның бірінші келісімі 322,99 теңгемен өтті және осы максималдық құны болды, ал минималдық құны - 320,5 теңге. Сауданың жалпы көлемі 126,3 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 320,9-321,9 аралығында.