Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Үкімет энергетика саласындағы делдалдарды барынша азайтуды көздейді

27 Мамыр 2014, 16:06
0
©liter.kz
©liter.kz

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі отын-энергетика саласын дамытудың тұжырымдамасы қаралды. Оның негізгі мақсаттарының бірі - энергия тасымалдау саласында делдалдарды барынша азайту, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.

Оның сөзіне қарғанда, алдағы уақытта әрбір аймақтағы электр энергияны жеткізуші компанияларды (РЭК-тарды) ірілендіру көзделген. Ал қызмет көрсету сапасына қатысы тиісті талаптар енгізіледі. Соның ішінде диспетчерлік басқару, кәсіби мамандар мен қажетті технологиялық қондырғылардың болуы және тағысын тағы. "Ал электр энергиямен қамтамасыз ету мәселесіне келер болсақ, осы саладағы компанияларға да тиісті талаптар қойылады. Осының нәтижесінде нарықта тек ірі электр энергиямен қамту компаниялары ғана қалады. Бұндай шараның негізгі мақсаты - делдалдарды барынша азайту. Сонда тұтынушылар үшін тиімді баға да қалыптасады", - деді бүгін Ә.Исекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұдан басқа, тұжырымдамада қуат көздерінің тепе-теңдігін сақтау мәселесі де қарастырылған. "Сонда бізде электр энергия тапшылығы болмайды. Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік қалыптасады. 2030 жылға қарай атом электр стансаларының іске қосылатынын ескерсек, қазақстандық электр энергия экпортқа шығарылатын болады", - деп атап көрсетті Ә.Исекешев.

Айта кетейік, еліміздегі электр энергияның тең жартысын беріп отырған Павлодар облысы қыруар электр энергияны Ресей мен Беларусьқа тасымалдауды жоспарлап отыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай