14 қаңтар 2022 17:00

Ұлттық банк өкілі мұнай бағасына болжам жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ұлттық банк өкілі мұнай нарығындағы жағдайды айтып, мұнай бағасына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк өкілі мұнай нарығындағы жағдайды айтып, мұнай бағасына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай бағасы 2009 жылдан бері өсіп жатқанын, жылына 50,2 пайызға артқанын айтты.

"2020 жылы "қара алтын" нарығында негізгі дирижер ұсыныс ОПЕК+ альянсы квоталары тарапынан болса, ал 2021 жылы әлемдік экономиканың біртіндеп қалпына келуіне байланысты сұраныс артты", - деді Әлия Молдабекова.

Жыл аяғында мұнай бағасы қарашадағы құлдыраудан кейін реттелгені, баға бір айда баррелі үшін 77,78 АҚШ долларына дейін жеткені, яғни 10,2 пайыз болғаны айтылды. Омикрон штамы туралы хабар, сондай-ақ АҚШ-тағы мұнай қорының төмендеуі мұнай бағасына әсер еткен.

"2022 жылғы қаңтарда мұнай нарығындағы баға өсіп жатыр. ОПЕК+ альянсы бұрынғы келісімге сай тәулігіне +400 мың баррельге дейін өндіру туралы шешім шығарды. Алайда инвесторлар өндіріс қарқыны кейінгі айларда квотаға сәйкес өндіріс деңгейіне жете алмаған Ливия, Нигерия және Ресей сияқты мемлекеттер есебінен бекітілген шектен артта қалады деп болжап отыр. Сондықтан баға өскен, бір баррель үшін 84 АҚШ доллары болып тұр", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети