Ұлттық банк өкілдері ақша айырбастау орындары мен биржадағы доллар бағамының әр түрлі болуын түсіндірді

04 Қазан 2018, 14:44
0
Ұлттық банк өкілдері ақша айырбастау орындары мен биржадағы доллар бағамының әр түрлі болуын түсіндірді -

Ұлттық банк өкілдері ақша айырбастау орындарында доллардың неліктен KASE биржасының сауда қорытындысы бойынша белгіленген бағамнан қымбатқа сатылатынын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 қыркүйекте ақша айырбастау орындарында доллар биржа саудасындағы бағамнан 10-14 теңгеге қымбатқа сатылған болатын.

Банктегілердің мәліметінше, заңда шетелдік валютаның ақша айырбастау орындары мен биржадағы бағасында қаншалықты өзгешелік болуы тиіс екені көрсетілмеген. Яғни, ақша айырбастау орындарында доллар 400 теңге тұрса, биржада 350 теңге тұрса да, бұл ақша айырбастау орындарының жұмысына әсер етпейді.

Банк өкілдері долларды сату немесе сатып алу бағамдарын айырбастау орындарының өздері белгілейтінін айтып өтті. Оның барлығы базалық нарық факторларына сәйкес болуы тиіс.

Ал 21 қыркүйекте болған жағдайды Ұлттық банк өкілдері былайша түсіндірді:

"Біріншіден, ақша айырбастау орындарының биржадағы бағамды 3 пайызға өзгертуі шетелдік валютадағы қалыпты жағдай. Екіншіден, долларды сатып алудың осыған дейінгі бағамдары нарықтағы бағамнан айтарлықтай көп болды. Бірақ демалыс күндері доллардың бағамы 360-361 теңгеден асқан жоқ. Осылайща, бағамдарды зерттеу нәтижесі шетелдік валютаның қалыпты жағдайды ұстап тұрғанын көрсетті", - деп хабарлады Төлем балансы және  валюталық реттеу департаментінің директоры Әнуар Қуандықов.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай