12 мамыр 2021 11:03

Ұлттық банк төрағасы бензин неге қымбаттағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифінің өсуіне байланысты бензин қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елімізде ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифінің өсуіне байланысты бензин қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифі өсуіне байланысты бензин 11,6 пайызға қымбаттағаны байқалады", - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы көрсеткішке тең - жеті пайыз. Нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасына байланысты азық-түлік инфляциясы 10,7 пайыздан 9,8 пайызға дейін азайған.

"Іскерлік белсенділік, халық кірісінің қалпына келуі және импорт көлемі артқанына байланысты азық-түлік емес инфляция 5,6 пайыздан 6,4 пайызға дейін көтерілді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ай сайынғы қымбаттауы 2017 жылдың қазанынан бері ең жоғары мәнді көрсетеді. Киім мен аяқ киім бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 5,5 пайызға дейін жеделдеді", - деді Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети