Ұлттық банк төрағасы теңгенің нығаюын түсіндірді

12 Ақпан, 12:22
0
© REUTERS
© REUTERS

Ұлттық валюта жыл басынан бері нығайып, доллар бағамы 378,73 теңгеге жетті. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев валютаның нығаюын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жыл басынан теңгенің долларға шаққандағы бағамы нығайып жатқанын байқауға болады. 8 ақпандағы жағдай бойынша жыл басынан бері 1,4 пайызға артып, доллар бағамы 378,73 теңге болды. Бұл мұнай нарығындағы қолайлы конъюнктураның және Ресей рублінің нығаюының аясында болып отыр", - деп хабарлады Ақышев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Ұлттық банк еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін ұстануды жалғастырады.

"Ұлттық банктің валюта нарығындағы нетто-интервенция көлемі 2019 жылы қаңтарда нөлге тең болды. Ұлттық банктің алтын-валюта қоры қаңтар айының соңында, алдын ала мәліметтер бойынша, 30,6 миллиард доллар, Ұлттық қордың активтері - 58,2 миллиард доллар болды, жалпы халықаралық резервтер - 88,8 миллиард доллар", - деді Ақышев.

Ол 2019 жылдың қаңтарынан бастап айлық инфляция 0,5 пайыз болғанын, жылдық инфляция 5,2 пайызға дейін баяулағанын айтты.

"14 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі шок болмаған жағдайда жаңа дәліз ішінде инфляцияны қалыптастыруды қамтамасыз етеді", - деді ол.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай