1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Ұлттық валюта бағамы 363 теңгеге дейін нығайды

  • 6
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 363,41 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шетел валютасы өткен саудаларға қарағанда 10 теңгеге арзандай түсті. Таңғы саудалардың бірінші келісімі 369,01 теңгемен басталды. Осы максималдық құны болып тіркелді. Минималдық құны болса 362,2 теңгеге тең. Сауда көлемі 78,5 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 359-364 теңге аралығында саудалап жатыр.

Еске салайық, KASE биржасының 3 ақпандағы күндізгі сессиясында доллар бағамы 373,56 теңгеге тең болған еді. Сессия кезінде сауда көлемі 64,3 миллион доллардан асқан болатын.

Доллар арзандады