Иранның жаңа бейбіт ұсынысы Трамп пен Нетаньяхудың “шиеленіскен“ әңгімесіне себеп болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранның жаңа бейбіт ұсынысы Трамп пен Нетаньяхудың “шиеленіскен“ әңгімесіне себеп болды - БАҚ Фото: Ақ үй

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесу барысында Иранмен келісімге келудің жаңа талпыныстарын талқылады, деп хабарлайды Axios дереккөздерге сілтеме жасап. Бұл ретте дереккөздердің бірі сөйлесуден кейін Нетаньяхудың "төбе шашы тік тұрғанын" айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесу барысында Иранмен келісімге келудің жаңа талпыныстарын талқылады, деп хабарлайды Axios дереккөздерге сілтеме жасап. Бұл ретте дереккөздердің бірі сөйлесуден кейін Нетаньяхудың "төбе шашы тік тұрғанын" айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сейсенбі күні Трамп Нетаньяхумен "ұзақ әрі күрделі" келіссөз жүргізген. Дереккөздердің мәліметінше, екі ел басшысы алдағы қадамдар бойынша ортақ мәмілеге келе алмаған.

Телефон арқылы сөйлесудің мазмұнымен таныс АҚШ-тағы дереккөздің хабарлауынша, Трамп Нетаньяхуға делдалдардың "ниет хаты" үстінде жұмыс істеп жатқанын айтқан. Бұл құжатқа АҚШ пен Иран соғысты ресми түрде тоқтату және Иранның ядролық бағдарламасы мен Ормуз бұғазын ашу сияқты мәселелер бойынша 30 күндік келіссөздер кезеңін бастау үшін қол қоймақ.

Израильдік дереккөздер екі лидердің алдағы іс-қимылдарға қатысты пікірлері қайшы келгенін хабарласа, әңгіме мазмұнынан хабары бар америкалық дереккөз "сөйлесуден кейін Бибидің төбе шашы тік тұрды" деп мәлімдеген.

Анықтама: Ағылшын тіліндегі "hair is on fire" идиомасы шектен тыс дүрбелеңді немесе мәселені шұғыл шешу қажеттілігін білдіреді.

Катар мен Пәкістан Сауд Арабиясы, Түркия және Мысырдың қатысуымен АҚШ пен Иран арасындағы қайшылықтарды реттеу үшін жаңартылған бейбітшілік меморандумын дайындады, деп хабарлады дереккөздер. Осы орайда Дональд Трамп Иранға жаппай соққы беруден бастап, мәміле жасасуға дейінгі нұсқаларды қарастырып жатыр.

Басылымның мәліметінше, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келіссөздерге күмәнмен қарайды және Иранның әскери әлеуетін әлсірету үшін соғысты қайта бастауды жақтайды.

Трамп келісім жасасу мүмкін екенін, бірақ келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда әскери іс-қимылдарды қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.

Иран жаңартылған ұсынысты қарастырып жатқанын растады, бірақ әзірге икемділік таныта қоймады. Делдалдар Тегераннан ядролық бағдарлама бойынша нақты міндеттемелерді, ал АҚШ-тан Иран активтерін кезең-кезеңімен бұғаттан шығару бойынша түсініктемелерді талап еткен. Жаңа жоба бойынша Иранның соңғы ұстанымы әлі белгісіз.

Иран СІМ келіссөздер "Иранның 14 тармақтан тұратын ұсынысы негізінде" жалғасып жатқанын мәлімдеді, ал Пәкістанның ішкі істер министрі делдалдыққа ықпал ету үшін бір апта ішінде Тегеранға екінші рет келді. Сондай-ақ Иран келіссөздер сәтті болуы үшін АҚШ-тан ирандық кемелерге қарсы "қарақшылықты" тоқтатуды, қаражатты бұғаттан шығаруды және Израильдің Ливандағы соғысты тоқтатуын талап етті.

Бұған дейін басылым "Иранның әскери әлеуетін одан әрі әлсіретуді және маңызды инфрақұрылымын жою арқылы режимді құлату үшін соғысты қайта бастағысы келетін" Нетаньяхудың ұстанымы туралы хабарлаған болатын.

Трамп өз кезегінде оқиғалардың дамуының екі сценарийіне жол берді.

"Мәселе тек біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз бе, әлде олар қандай да бір құжатқа қол қоя ма, сонда ғана. Не боларын көрерміз", - деді ол сәрсенбі күні Жағалау күзеті академиясында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ Трамп Нетаньяхудың Иранға қатысты мәселеде "өзі қалағанның бәрін істейтінін" айтты. Axios мәліметінше, ара-тұра болатын келіспеушіліктерге қарамастан, екі басшы арасындағы үйлестіру соғыс бойы сақталған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.99   547.77   6.66 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер