17 мамыр 2015 | 23:20

"Ислам мемлекеті" содырлары Иракта 500 адамды өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Dw.de ©Dw.de

"Ислам мемлекеті" радикал лаңкестер тобының содырлары Иракта 503 адамды өлтірді, - деп хабарлайды РИА Новости Erem News ақпарат порталына сілтеме жасап.


"Ислам мемлекеті" радикал лаңкестер тобының содырлары Иракта 503 адамды өлтірді, - деп хабарлайды РИА Новости Erem News ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Ислам мемлекеті" содырлары жұма күні Рамади қаласының үлкен әрі маңызды бөлігін басып алып, 503 адамды өлтірді. Қаза болғандардың жартысы - әйелдер мен балалар", - деді провинция басшысының орынбасары Әл-Анбар Фалех Әл-Исави. Ол армия, полиция және халық жасақтары қатысатын ірі әскери операцияның басталғанын да мәлімдеді.  

Бүгінге дейін одақтас қарулы күштердің алдындағы мақсат - қала орталығындағы үкіметтік ғимараттар кешенін қайтарып алу. Жергілікті билік өкілінің айтуынша, құрлық әскерлерін Ирак жаяу әскеріне лаңкестерге соққы жасау арқылы жол ашып берген халықаралық коалицияның ұшақтары қолдады.  

Орталық барлау басқармасының мәліметінше құрамында 30 мыңға жуық содыры бар "Ислам мемлекеті" басып алынған Ирак пен Сирия территориясында "халифат" жариялап, шекарасын кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекеті" ұйымымен ұрысқа түсетін бірыңғай майдан жоқ: бұл топпен Сирия мен Ирактың үкімет әскері, АҚШ бастап отырған халықаралық коалиция (әзірше тек әуеден соққы жасаумен шектеліп отыр), сонымен қатар, Ирак және Сирия күрдтері. Қарулы қақтығыстардың салдарынан бірнеше мың бейбіт тұрғын қырылды, жүздеген мыңы босқын болып, тағы бірнеше мыңы аталған содырлар тобының кепілдігінде қалып отыр.

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети