15 қазан 2014 21:03

"Ислам мемлекеті" тобы лаңкестер арасында футбол біріншілігін ұйымдастырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" тобы Ливияда исламшылдар қозғалысы өкілдерінің арасында футболдан  халықаралық чемпионат өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Russia Today.


"Ислам мемлекеті" тобы Ливияда исламшылдар қозғалысы өкілдерінің арасында футболдан  халықаралық чемпионат өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Russia Today.

Бұл спорттық шараны Жерорта теңізінің жағалауындағы лаңкестер бақылауындағы Дерна қаласында өткізбек. Қатысушылар ретінде олар "такфиристтерді" – әрбір елдерде соғысып жүрген радикалдарды шақырыпты. Ливия исламшылдарынан бөлек, бұл аймаққа Ауғанстаннан, Египеттен, Ирактан және Сириядан лаңкестер келуді жоспарлап отыр.

"Ислам мемлекетінің" өкілдері футболды шариғат заңдарына қайшы келмейтін ережелер бойынша ойнайтындарын айтты.
Чемпионатты өткізу мақсаты радикалды насихатты алға бастыру және экстремистер қатарына жастарды тарту. "Ислам мемлекеті" қазірдің өзінде ұйымдастыру комитетін құрып қойған. Олардың құрамына өздерінің қатарларына қосылған бұрынғы спортшыларды енгізген.

Айта кетейік, лаңкестер қазір курдтармен Сириядағы Кобани қаласы үшін соғысып жатыр. Өткен айда онда 500-ден астам адам қайтыс болды. Экстремистер 17 бейбіт адамды өлтірген. Кобани курд автономиялық әкімшілігінің ең ірі орталықтарының бірі. Бұл жерден Түркияға 140 мыңнан астам адам қашып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети