Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Сирияда армян мектебіне зымыран оғы жаудырылды

15 Сәуір 2014, 20:12
0
©Аrmenpress.am
©Аrmenpress.am

Арменияның Сыртқы істер министрлігі Дамаскідегі армян мектебінің зымыранмен атқыланғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

"Дамаск армян католик мектебін зымыранмен атқылаудың салдарынан, алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тауып, 60-қа жуық адам жарақат алды. Ақпарат нақтыланып жатыр", - делінген Армения Сыртқы істер министрлігінің Facebook-те жариялаған хабарламасында.

Армян бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тоғыз жастағы бала қайтыс болған. Оның ұлты - араб. Жарақат алғандардың ішінде армян балаларының саны - алтау. Зымыранмен атқылау кезінде мектеппен бірге католик шіркеуі де талқандалған.

Айта кетейік, өткен аптадан бері Сирия әскери бөлімшелері Дамаск пен оған іргелес елді мекендерде қарулы құрылымдарды жою операцияларын жүргізіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша содырлардың көбі жойылған, бірақ зымыран соққыларының салдарынан зардап шегіп жатқан бейбіт тұрғындар да бар. Сирия Президенті Башар Асад азаматтық соғыста үкімет жасақтарының жеңіп шығатынына сенім білдірді.

Еске салайық, бұған дейін сириялық армяндар әлемдік қауымдастыққа үндеу жолдап, өздерін жойылып кетуден сақтауды сұраған болатын. Оған 21 наурызда Кесаб қаласында болған қанды қырғын себеп. Содырлар бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап, 80-нен астам адамды айуандықпен өлтірген болатын. Бұл шабуылдың кезінде 600-дей отбасы басы ауған жаққа қашып, баспанасынан айырылды. Террористердің армян ұлтының өкілдерін басынан атып жатқаны түсірілген бейнежазба әлем жұртшылығының наразылығын туғызды. Шер, Ким Кардашьян, Юра Мовсисян сияқты армян ұлтының танымал өкілдері қандастарына жанашырлық танытып, оларды қолдау жөнінде әлемдік науқанды бастады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай