NEWS
LIFE
SPORT
HEALTH
HOME
AUTO
TRAVEL
EDU
462.91
539.58
6.16
Редакция
+7 (777) 001 44 99
Жарнама
Жаңалықтар
Мақалалар
Қазақша
Русский
English
Выберите язык
Қазақша
Русский
English
Басты
Мәдениет
Өнер
16 наурыз 2014 10:29
Мария Мудряк италиялық театр сахнасында басты рөлді ойнады
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мария Мудряк. Әншінің жеке мұрағатынан
Қазақстандық әнші Мария Мудряк италиялық театр сахнасында басты рөлді ойнады, деп хабарлайды
Tengrinews.kz Мария Мудряк Генуя қаласындағы "Карло Феличе" театрында "Свадьба Фигаро" операсында Сюзаннаның рөлін ойнады. Мария Мудряктың қатысуымен өткен спектакльдің премьерасы 15 наурыз күні өтті. Опера әншісінің тамаша өнер көрсеткенін тек оның тыңдармандары ғана емес, белгілі музыка сыншылары да жоғары бағалады. Әншінің айтуынша, спектакльдегі өзі ойнаған кейіпкер өте күрделі. "Сюзаннаның рөлін ойнау біршама қиынға түсті. Өйткені үш жарым сағатқа созылатын спектакльде өзіңді өте жақсы ұстауың керек. Сондай-ақ Бомаршенің Моцарттың музыкасына жазған оқиғасын көрерменге жеңіл әрі қызықты етіп жеткізу керек болды. Әрине қиын болды. Бірақ осындай күрделі рөлді 19 жасымда маған сеніп тапсырғанына қуаныштымын. Сенімді ақтадым деп ойлаймын", деді Мария Мудряк. Мария Мудряктың осы жылдың қаңтарында Италияның Комо қаласында өткен AsLiCo халықаралық байқауындағы жеңісінен кейін оған осы рөл сеніп тапсырылған болатын. Аталған байқауда Мария тек жеңімпаз дипломын ғана иеленіп қоймай, көрермендер көзайымына айналған еді. Италия басылымдары жас әншіні жас опера әншілерінің халықаралық байқауындағы "Тұмар" деп атады. Естеріңізге сала кетейік, Мария Мудряк 5 жасында әлемнің ең жас әншісі, ең алғаш лазерлік жеке жинағын шығарған әнші ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген болатын. Он жасында Мария Ла-Скала театрына қарасты Миландағы Жоғарғы музыка академиясына қабылданды. Кейіннен ол Мемлекеттік консерваторияның ең жас студенті атанды. Ол президенттің "Болашақ" шәкіртақысының иегері. 2011 жылы Мудряк орындаушылардың ұлттық байқауының жеңімпазы атанған соң Италияның ең жас әншісі деп танылды. Байқаудың ақтық сынында әнші қыз белгілі әнші Тото Кутуньомен дуэт орындаған болатын. 2012 жылы Мария Италиядағы Джузеппе Аерди атындағы консерваторияның толық курсын аяқтаған ең жас түлек атанды. Бүгінде Мария Милан музыка академиясындағы оқуын аяқтауға жақын. Сондай-ақ ол Карло Феличе театрының жас әншісі. Алдағы уақытта Розетум Милант театрында Мудряк Пуччинидің "Богема" операсында Мюзетта рөлін ойнамақ, жазда Зальцбугтегі опера фестиалінде өнер көрсетеді.

Павлодар облысы
Опера
Италия
Tengrinews апталық жазылымы
Қазақстан мен әлемдегі ең маңызды жаңалықтар
Жазыла отырып, сіз
құпиялылық саясатымен
келісесіз
Жазылу
Жазыла отырып, сіз
құпиялылық саясатымен
келісесіз
TENGRI health
Алматы дәрігерлері бірегей ота жасады
Бүгін 13:54
Медициналық қызметтер үшін берілетін чекте ЖСН көрсетіледі: бұл кімдерге қатысты?
Бүгін 08:29
Белгілі қоғам қайраткері Бақыт Түменова қайтыс болды
Кеше 17:19
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының өсімі жеделдеді - статистика
Кеше 13:41
TENGRI sport
Бокстан Азия чемпионатының қола медалін алған көпбалалы ана марапатталды
Бүгін 16:03
Канада Иран футбол федерациясының басшысын ФИФА конгресіне жібермеді
Бүгін 13:52
Шавкат Рахмонов оңалтудан қалай өтіп жатыр?
Бүгін 12:17
Канелоның келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды
Кеше 18:37
Читайте также
Жаңалықтар
Мақалалар
Жарнама
Валюта бағамы
462.91
539.58
6.16
Ауа райы
Алматы
Редакция
+7 (777) 001 44 99
Жарнама
+7 (700) 3 888 188
Әлеуметтік желілер