23 шілде 2014 | 15:08

Валидатордан ақша жымқыру деректері бойынша жеті іс қозғалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматы автобустарындағы валидаторлардан ақша жымқыру деректері бойынша жеті қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Юрий Ильиннің қазақстандық блогерлермен кездесуі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы автобустарындағы валидаторлардан ақша жымқыру деректері бойынша жеті қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Юрий Ильиннің қазақстандық блогерлермен кездесуі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарының шағымына қарағанда, муниципалдық парк автобустарының жүргізушілері валидаторларды әдейі өшіріп қояды да, жолақыны өздеріне төлеуді талап етеді. Tengrinews.kz тілшісінің "не себепті бұзылған валидатормен бағытты жалғастырып жатырсыз" деген сұрағына жүргізуші аппараттың жаңа ғана сынып қалғанын және паркке барып жөндеуге үлгере алмағанын айтады. Ал №25 троллейбустың жүргізушісі валидатор бұзылған кезде жолақы талап етпеу керектігі жөнінде білмейтін болып шықты. 

Ильиннің айтуынша, "АлматыЭлектротранс" жетекшілігі ауысқаннан бастап, жеті қылмыстық іс қозғалды. "Біз жүргізушілердің желіге бұзылған валидатормен шығатыны немесе оларды әдейі өшіретіні, сөйтіп, ақшаның қалтаға кететіні туралы хабардармыз. Мұндай деректер тіркеліп жатады, біз Интернеттегі шағымдардың бәрін қарап, жүргізушілерді жазалаймыз. Жұмыстан шығаруға дейін барамыз. Екінші жағынан, жолаушылар да ондай жүргізушілерге жағдай жасап, жолақыны қолма-қол төлемеуі керек. Жолаушы заңды сыйлайтын азамат ретінде ақшаны валидаторға салуы тиіс. Валидаторы бұзылған жүргізуші автопаркке қайтуға міндетті", - дейді Ильин. 

Ол 2015 жылы қоғамдық көлікте электронды билет беру жүйесі іске қосылатынын айтты. Ильиннің пікірінше, бұл автобустардағы қаржы жымқыру деректеріне тосқауыл қояды. Қала әкімінің орынбасары қалада көлік жүргізу мәдениеті мен жол қозғалысы ережелерін меңгерген жүргізушілердің тапшы екенін айтты. "Жағдай жақсаруы үшін жүргізушілерді тәрбиелеу қажет. Қоғам соны қалыптастыруы керек. Мен күн сайын таңертең жаңалықтар сайттары мен блогтарды қараймын. Айтылған сындардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды, барлық деректер мен жағдайлар бойынша жұмыс істеп, ескертулер береміз", - деді ол. 

  

Бұған дейін қала тұрғындарының Алматы автобустарының жай-күйіне наразы екені хабарланған болатын. Әңгіме жеке автопарктерге қатысты. Алматы әкімдігі бірнеше жыл бұрын муниципалдық типтегі автобустарды іске қосты, 2013 жылы қосымша 200 автобус сатып алды. Келешекте Алматының барлық қоғамдық көлігін газға көшіру жоспарланып отыр. 

Еске сала кетейік, Алматыдағы жаңа муниципалдық автопарктің ашылуы кезінде қала әкімі Ахметжан Есімов автопарк басшылары мен басқарма басшыларының нашар жұмысын сынға алған еді. Оның айтуынша, муниципалдық автопарк ашуға 2009 жылдан бері 16 млрд теңге жұмсалған. Ал өткен жылмен салыстырғанда, бірінші муниципалдық автопарктің табысы 21%-ға төмендеп, шығыны 38%-ға көбейген.

Әкім бас киімін жоғалтып алып, мұрны мен терін галстугімен сүртетін жүргізушілердің мәдениет деңгейінің төмендігін бетке басты. Есімовтің айтуынша, автопарктерде басшылардың әйелдерге тиіскен жағдайлары кездескен. Оған қоса, жүргізушілер көшеде өзара жарысады. Қоғамдық көлік жүргізушілері осы себепті жұмыстан шығарылды

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer