06 мамыр 2014 11:05

Көшеде жарысқан автобус жүргізушілері жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматыда көшенің қарсы бағытына шығып алып жарысқан автобус жүргізушілері жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы №2 автобус паркінің пайдалану жөніндегі директорының орынбасары Жәнібек Жақсылықов айтты.


Алматыда көшенің қарсы бағытына шығып алып жарысқан автобус жүргізушілері жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы №2 автобус паркінің пайдалану жөніндегі директорының орынбасары Жәнібек Жақсылықов айтты.

Жүргізушілер өз түсініктемелерінде сол күні қатты асыққанын жазған. Енді жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін олардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. "Бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі", - дейді Жақсылықов.

"№67 бағыттағы автобус жүргізушісі Жынбаев пен №31 бағыттың жүргізушісі Досаев еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан қуылды. Олар өз түсініктемелерінде асыққандықтан кептелісте тұрғысы келмегенін айтты. Мұндай жағдай келесіде қайталанбасы үшін және өзгелерге сабақ болуы үшін кешкісін біз бұл дерек бойынша кеңейтілген жиын өткізбекпіз", - деді ол.

Еске салайық, Алматыда автобус жүргізушілерінің жолда жарысып, бағдаршамға тоқтамағанын куәгерлердің бірі бейнежазбаға түсіріп алып жария еткен еді. 23 секундтық видеодан №67 бағыттағы автобустың бірнеше көлікті айналып өтіп, қарсы бағытқа шығып кеткенін көруге болады. Оған қоса, жүргізуші бағдаршамның қызыл жарығына аялдаған жоқ. Оның артынан тағы бір автобус та солай жүйткіп келіп, бағдаршамға аялдамай өтіп кетеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети