22 қазан 2014 | 17:34

Атырау облысында сәбиін дәретханаға тастаған әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Shutterstock.com ©Shutterstock.com

Cот Атырау облысында баласын өлтірген әйелдің бостандығын төрт жылға шектеу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа туылған нәресте дәретханадан шығарылып, ауруханаға жеткізілгенде қайтыс болды. 


Cот Атырау облысында баласын өлтірген әйелдің бостандығын төрт жылға шектеу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа туылған нәресте дәретханадан шығарылып, ауруханаға жеткізілгенде қайтыс болды. 

Қызылқоға аудандық сотының үкімімен Сағыз ауылының тұрғыны А.Мансұрова "Ананың жаңа туған баласын өлтіруі" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған бостандығын төрт жылға шектеу түрінде жаза кесілді. Адам өлтіру оқиғасы осы жылдың жазында болды", - делінген Атырау облыстық сотының хабарламасында.    

23 шілдеде 37 жастағы әйел өз ауласындағы ағаштан жасалған дәретханадан полиэтилен пакетке салынған баланы тауып алады. Бала табылған жерге келген полицияның учаскелік инспекторы мен дәрігерлер оны шығарып алғанда нәресте тірі болған. Қыз балаға ем жасалып, кіндігі кесілді. Бірақ жаңа туылған сәби ауыр жарақаттан облыстық перзентханада шетінеп кетті.

Кейін учаскелік инспектор сәбиді өлтірген әйелді анықтады. Ол 33 жастағы әйел болып шықты. Сот ісі кезінде айыпталушы Мансұрова өз кінәсін толықтай мойындады. Үкім заңды күшіне енбеді.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын осындай оқиға Көкшетауда болған еді. Анасы жаңа туған сәбиін бақшаға жасырып кеткен. Полицейлер 1993 жылғы қыздың дәретханада жұрттан таса жағдайда босанғаннан кейін сәбиін полиэтилен пакетке орап, бақшаға тастағанын анықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети