"Астана Арланс" боксшылары "Аргентина қырандарын" күйретті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана Арланс" боксшылары "Аргентина қырандарын" күйретті "Астана Арланс" пен "Аргентина қырандары" матч алдында. Фото астаналық клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

"Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) матчында "Аргентина қырандары" командасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бокс кеші 21 ақпан күні кешкісін Алматыда өтті.


"Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) матчында "Аргентина қырандары" командасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бокс кеші 21 ақпан күні кешкісін Алматыда өтті.

Кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Біздің команданың құрамында Азамат Исақұлов (52 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Роман Щегринов (60 келіге дейін), Данияр Елеусінов (69 келіге дейін), хорват легионерлері Хрвое Сеп (81 келіге дейін) және Филипп Хргович (91 келіден жоғары) жұдырықтасты. Олардың бәрі өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті. 

Айта кету керек, бұл - "Астана Арланс" клубының WSB-дің жаңа маусымындағы қатарынан алтыншы жеңісі. Бұған дейін "Пуэрто-Рико дауылдары", "Баку оттары", "Поляк гусарлары", "Америка нокаутшылары" және "Венесуэла билеушілері" командаларының тізесі бүгілген болатын. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.56   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +20
Ақтау +18
Ақтөбе +10
Атырау +16
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +25
П
Павлодар +17
Петропавл +24
С
Семей +22
Т
Талдықорған +26
Тараз +26
Түркістан +12
О
Орал +15
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер