02 мамыр 2015 | 10:45

Непалдың билік өкілдері жер сілкінісінен кейінгі үйінді астынан тірі қалғандарды табу мүмкін емес екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Непалдың билік өкілдері жер сілкінісінен кейінгі үйінді астынан тірі қалғандарды табу мүмкін емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, Непалдағы жер сілкінісі 25 сәуірде болды.


Непалдың билік өкілдері жер сілкінісінен кейінгі үйінді астынан тірі қалғандарды табу мүмкін емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, Непалдағы жер сілкінісі 25 сәуірде болды.

"Апат болғаннан бері бір апта уақыт өтті. Біз адамдарды іздеу үшін көп жұмыс істедік, дегенмен қазір үйінділер астынан тірі қалғандарды іздеу үшін қандай да бір мүмкіндік бар деп ойламаймын", - деді жергілікті ІІД өкілі Лаксми Прасад Дхакал.

Еске сала кетейік, соңғы ақпарат бойынша, Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 6621 адамға жетті, 14023 адам жарақаттанды. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 7,9 балл болды. Жер сілкінісінің ошағы ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде болды, жер асты дүмпулері 15 шақырым тереңдікте анықталды. Күндіз Катмандуда ең жоғары күші 6,7 балға тең афтершоктар болды.

Осыған дейін Қазақстанның Непалға көмек беретіні хабарланған болатын. Қазақстан Сыртқы iстер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі мен ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтің айтуынша, Қазақстан Непал үкіметі мен халқына өзінің қайғылы көңілін білдіреді. Айта кетейік, БҰҰ 29 сәуірде әлемдік қауымдастыққа Непалдағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін шұғыл түрде 415 миллион доллар бөлуді сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети