01 мамыр 2015 17:37

Қазақстан Непал үкіметі мен халқына өзінің қайғылы көңілін білдіреді - СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ баспасөз қызметі © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Непал үкіметі мен халқына өзінің қайғылы көңілін білдіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Сыртқы iстер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі мен ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Непалдағы зілзалаға қатысты түсінік берді.


Қазақстан Непал үкіметі мен халқына өзінің қайғылы көңілін білдіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Сыртқы iстер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі мен ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Непалдағы зілзалаға қатысты түсінік берді.

"Соңғы уақытта бірқатар жойқын жер дүмпуі салдарынан мыңдаған адамдардың қаза тауып, жарақаттануына байланысты Қазақстан Непал үкіметі мен халқына өзінің қайғылы көңілін білдіреді. Бүкіл әлемнің Непал халқына деген шынайы көңілі мен қолдау лебізіне толығымен қосыламыз. Непал мен Ресей Федерациясы үкіметтеріне апат аймағындағы Қазақстан азаматтарына көрсеткен қолғабысы мен елден эвакуациялаудағы көмек-жәрдемдеріне алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар, Непалдағы зілзаланың салдарынан қалыптасқан ауыр ахуалды еңсеру мақсатында Қазақстан жақын арада елеулі көмек көрсететіндігін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Непалдағы 7,9 балдық жер сілкінісі 25 сәуір күні таңертең болды. Жер сілкінісінің ошағы ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде болды, жер асты дүмпулері 15 шақырым тереңдікте анықталды. Күндіз Катмандуда ең жоғары күші 6,7 балға тең афтершоктар болды.

Непалдағы жер сілкінісі соңғы мәліметтер бойынша, 5489-дан аса адамның өмірін жалмады. Көршілес елдерде (Үндістан, Қытай) шамамен 100 адам қаза болды. Бұған дейін Непалдағы жер сілкінісінен 5 мың адамның қаза тауып, 10 мың адамның жарақат алғаны хабарланған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети