30 сәуір 2015 10:18

Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 5,5 мыңнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Непалдағы жер сілкінісі соңғы мәліметтер бойынша, 5489-дан аса адамның өмірін жалмады, - деп хабарлайды AFP. Көршілес елдерде (Үндістан, Қытай) шамамен 100 адам қаза болды. Бұған дейін Непалдағы жер сілкінісінен 5 мың адамның қаза тауып, 10 мың адамның жарақат алғаны хабарланған болатын.


Непалдағы жер сілкінісі соңғы мәліметтер бойынша, 5489-дан аса адамның өмірін жалмады, - деп хабарлайды AFP. Көршілес елдерде (Үндістан, Қытай) шамамен 100 адам қаза болды. Бұған дейін Непалдағы жер сілкінісінен 5 мың адамның қаза тауып, 10 мың адамның жарақат алғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, ұйымның ресми сайтындағы мәлімдемеде БҰҰ-ның 29 сәуірде әлемдік қауымдастыққа Непалдағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін шұғыл түрде 415 миллион доллар бөлуді сұрағаны айтылған. "Донорлардан бүгін сұралған қаржы шамамен үш айға есептелді және ол шұғыл қажеттіліктер үшін жұмсалады, уақытша баспанаға, азық-түлікке, суға және санитарияға. Қаржының бір бөлігі медициналық көмек пен сақтықты қамтамасыз етуге жұмсалады", - делінген ұйымның мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, Еурокомиссия Непал билігіне жер сілкінісінің салдарын жоюға 3 миллион евро аударуға сөз берді. ЕК қаржысы баспанаға, дәрі-дәрмекке, таза су мен телебайланысқа жұмсалады. Ұлыбритания апаттан зардап шеккендер үшін 5 миллион фунт аударады. Ал Қытай Непалға гуманитарлық көмек ретінде 3,3 миллион доллар бөлмек.

Еске сала кетейік, Непалдағы 7,9 балдық жер сілкінісі 25 сәуір күні таңертең болды. Жер сілкінісінің ошағы ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде болды, жер асты дүмпулері 15 шақырым тереңдікте анықталды. Күндіз Катмандуда ең жоғары күші 6,7 балға тең афтершоктар болды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети