Сот Қайрат Жамалиевті қамауда қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әліби Жұмағұловтың адвокаты Хамит Айтқалиевке сілтеме жасап.
"Бүгін Астана қаласының соты тергеушінің сұраған - Жамалиев Қайратқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеу судьясының шығарған қаулысын өзгеріссіз қалдырды", - деп хабарланған Aitkaliyeva & Partners Lawyers адвокаттық конторасының Facebook желісінде.
Бұл жазбаға түсінік бере отырып, Әліби Жұмағұловтың адвокаты Хамит Айтқалиев Tengrinews.kz тілшісіне Қайрат Жамалиевтің адвокатының тергеу судьясының қаулысына шағым түсіргенін мәлімдеді. Бұл шағым қанағаттандырылмады. Жамалиев қамауда отыр. Facebook желісіндегі хабарламада Жамалиевтің жаңа адвокат таңдағаны жазылған. "К.Жамалиевта жаңа адвокат - менің әріптесім, Шайхин Мұхамбетқали. Жақсы адвокат, өз ісін біледі. Күн сайын Әліби Жұмағұловтың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған.
Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Жамалиевтің иелігіндегі барлық орындарға "байкот" жариялау мәселесін көтеріп жатыр. Бұдан кейін Әлібидің әкесі Нұрлан Жұмағұлов тараптардың ымыраға келуін қарастырып отырмағанын хабарлады.