08 маусым 2015 | 16:11

Қайрат Жамалиевтің ісі Астанадағы сотқа келіп түсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қайрат Жамалиевтің ісі сотқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астаналық кәсіпкер Қайрат Жамалиевке қатысты атышулы істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қайрат Жамалиевтің ісі сотқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астаналық кәсіпкер Қайрат Жамалиевке қатысты атышулы істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды. 

Сот өкілдерінің айтуынша, қылмыстық істің материалдары сотқа осы жылдың бесінші маусымында түсті. Мамандандырылған сот өкілдері "бұл істің қазіргі уақытта қарастыруға қабылдау кезеңінде" екенін айтты.

Еске сала кетейік, бірінші маусымда кәсіпкер Қайрат Жамалиев күдікті болып, ал Әліби Жұмағұлов зардап шегуші болып отырған атышулы "Әліби ісі" сот төрелігі органдарына жіберілуі үшін Астананың прокуратурасына берілген еді.

Еске сала кетейік, күдікті кәсіпкер Қайрат Жамалиев бірқатар бап бойынша айыпталып отыр: 194-бап 4 - Қылмыстық топпен ірі көлемде ақша бопсалау (мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған); 126-бап 2 - Алдын ала сөз байласып адамдар тобымен адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру (бес жылға дейін бас бостандығынан мүлкін тәркілеу арқылы жазалау немесе мүлкін тәркілеусіз бес жылға бас бостандығынан айыру жазалау шарасы қарастырылған); 121 бап 2 - Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасау, өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасау (бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру).

Айта кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer