07 тамыз 2015 | 16:47

ҚР СІМ автобус апатынан қаза болған қазақстандық қызды отанына жеткізуге қолғабыс етеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР СІМ автобус апатынан қаза болған қазақстандық қыз Аида Сарабаеваның апта соңына дейін отанына жеткізуге қолғабыс етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР СІМ автобус апатынан қаза болған қазақстандық қыз Аида Сарабаеваның апта соңына дейін отанына жеткізуге қолғабыс етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

"(...) Бүгін мәйіттің Аида Сарабаеваға тиесілі екені анықталды, ол оқиға орнында қаза болды. Барлық туған-туыстарына қайырлы болсын айтамыз. Білуімізше, Аиданың әкесі біздің әріптесіміз - "Астана" телеарнасында оператор болып жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ата-анасы Алматыдан Анталияға ұшып бара жатыр. Оқиға орнында консул барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - деп мәлімдеді Әбибуллаев СІМ-дегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, зардап шеккен алты қазақстандықтың бірі медициналық жәрдемнен кейін ауруханадан шығарылды. "Барлық қазақстандық азамат Кемер ауданында демалып жатқан. Бесеуі ауруханада. (...) Бір қазақстандықтың қолына ем жасалды, тағы бір азаматқа ота жасату қажет. Барлығының сақтандыруы болған. Медициналық қызмет ақысын сақтандыру компаниясы төлеп жатыр", - деді Әбибуллаев.

"Сыртқы істер министрлігі консулдың көмегімен құқық қорғау органдарына тездетіп сот-медициналық сараптаманы жасауға өтініш айтты, себебі ертең, ары кетсе жексенбіде Аида Сарабаеваның денесін Қазақстанға жеткізу қажет. Ата-анасы оның денесін Қарағандыға жеткізу туралы өтініш білдірді, бірақ Анталия мен Қарағандының арасында тікелей рейстің жоқ екенін есепке алу керек, сәйкесінше, соған қарағанда бірінші мүмкіндік бойынша Астанаға жетуі керек", - деді Әбибуллаев.

Бұған дейін Түкияда болған жол апатында қазақстандық Аида Сарабаеваның қаза тапқаны белгілі болған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Бокстан Қазақстан чемпионы Зарина Цолоеваның Түркияда болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің арасында бар екендігі хабарланды. 

Еске салайық, 6 тамызда Памуккале - Анталия тас жолында туристер мінген автобус жол апатына түсті. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, 27-сі жараланды. Автобуста Ресей, Қазақстан, Литва және Беларусь туристері отырған. Кейін ҚР СІМ зардап шеккен қазақстандықтардың аты-жөнін атады. Ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында Түркияда жол апатына ұшыраған автобуста болған қазақстандық жеті азаматтың аты-жөні жазылған. Олар: Тұрғанбекова Шолпан (22.08.1989), Тұрғанбекова Тоғжан, (25.04.1993), Тлеубаева Айдын (14.07.1999), Тлеубаев Азамат (25.05.1992), Тлеубаева Гульнара (04.01.1966), Цолоева Зарина, (05.11.1993), Аида Сарабаева (21.09.1996). 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer