10 тамыз 2015 | 12:17

Серік Ахметов ісі: Судьяға наразылық білдіру жөніндегі өтініш қабылданбады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Серік Ахметов. © Тengrinews.kz Серік Ахметов. © Тengrinews.kz

Серік Ахметов ісіне қатысты судьяға наразылық білдіру жөніндегі өтініш қабылданбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағандыдан өңірдің бұрынғы басшыларының ісін қарап жатқан сот отырысынан. Айыпталушы орындығында облыстың экс-әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов пен бірқатар шенеунік отыр, еліміздің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов те сол жерде. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Серік Ахметов ісіне қатысты судьяға наразылық білдіру жөніндегі өтініш қабылданбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағандыдан өңірдің бұрынғы басшыларының ісін қарап жатқан сот отырысынан. Айыпталушы орындығында облыстың экс-әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов пен бірқатар шенеунік отыр, еліміздің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов те сол жерде. 

Бүгін сот отырысы барысында сотталушылардың бірі, бұрын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімін басқарған Айдос Жәкеновтің адвокаты судья Исламхан Есенбаевқа наразылығын білдірді.

"Судья бұл іске қатыса алмайды, себебі 28 шілдеде біз ҚПК (ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексі - Авт.) заңбұзушылығына қатысты арыз түсірген болатынбыз. Судья оны қанағаттандырмады және шағым түсіруге 15 күн беру туралы қаулы шығарды. 6 тамызда апелляциялық шағым берілді, ал 10 тамызға соттың басты отырысы тағайындалған. Шағым түсіру мерзімі аяқталмағандықтан судья Есенбаев істі қарай алмайды", - деді Мейрам Шәймерденов. Сонымен қатар, ол Исламхан Есенбаев Жәкеновті қорғауға қатысты құқық бұзды деп мәлімдеді.

Шағымды өзге судья - Төлеген Таңсықпаев қарады және мынадай қаулы шығарды: "Адвокат Шәймерденовтің дәлелдері судьяға наразылық білдіруге негіз бола алмайды", - осыдан кейін сот отырысы жалғасты. Осылайша, бұрын тағайындалған судья Исламхан Есенбаев бұл істі жүргізетін болды.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Ахметов пен істің өзге фигуранттарының адвокаттары істе қылмыс құрамының және өз қорғауындағыларға тағылып отырған айыптың дәлелі жоқ екенін мәлімдеді. Заңгерлер тағылған айыптардан шығын келтіру және кепілдендірілген мүліктің құнын арттыру эпизодтарын алып тастауды сұрады. Қорғаушы тараптың ойынша, қазір "Топарские теплицы" ЖШС-ның мүлкі - 2 миллиард теңгеге, ал "Қазагро" мүлкі 1,1 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Сондықтан, қорғаушы тарап мемлекетке шығын келмегендіктен, қылмыс құрамы да болған жоқ деді.

Сонымен қатар, бұған дейінгі сот отырысында Серік Ахметовтің ағасы келтірілген шығынның өтемі ретінде мемлекетке 430 миллион теңгені (2,29 миллион доллар) қайтарды. Дегенмен, Ахметовтің өзі де, іс бойынша куәгер болған ағасы да мемлекетке шығын келгенін мойындамады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Осыдан кейін қамау мерзімі ұзартылды.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer