Ақтөбедегі теракт кезінде жарақат алған 22 жастағы әскери қызметші Астанаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі теракт кезінде жарақат алған 22 жастағы әскери қызметші Астанаға жеткізілді © ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Ақтөбедегі теракт кезінде жарақат алған 22 жастағы әскери қызметші Сырым Сүндетовтің жағдайы тұрақты түрде ауыр деп бағаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасап.


"10 маусым күні сағат 22.40-та Сырым Сүндетов санитарлық авиациямен Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізілді. Қазір ол есін жиды, қажетті ем алып жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 5-11 маусым аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына 39 адам жеткізілді, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 33 адам жедел медициналық көмек ауруханасына, 2 адам теміржол ауруханасына жіберілді.

Бұл уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 16 пациентке амбулаторлық емдеу бойынша ұсынымдар берілді. Зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 3 адам стационарда қайтыс болып, 6 пациент ауруханадан шығарылды.

Астана уақыты бойынша сағат 12:00-дегі жағдайға сәйкес, Ақтөбе қаласының стационарларында 14 зардап шеккен азамат емделіп жатыр, олардың жағдайы орта деңгейдегі ауыр деп бағаланып отыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +22
Ақтау +26
Ақтөбе +26
Атырау +27
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +22
П
Павлодар +22
Петропавл +19
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +23
О
Орал +18
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер