Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 4 теңгеге нығайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 4 теңгеге нығайды © Тұрар Қазанғапов

Ұллтық валютаның долларға қатысты бағамы таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша 348,92 теңгені құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бір күн бұрын сауда 352,13 теңгемен аяқталған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұллтық валютаның долларға қатысты бағамы таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша 348,92 теңгені құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бір күн бұрын сауда 352,13 теңгемен аяқталған болатын.

Сауда көлемі 51,2 миллион долларды құрады. Доллар 348-ден 349,12 теңгеге дейін саудаланды. Ал Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 43,88 доллар болды.

Еске салайық, жақында Алматыда өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр жаңа девальвация туралы қауесетке қатысты пікір білдірген болатын. "Қазіргі уақытта теңгенің бағасы еліміздегі сыртқы және ішкі жағдайларға жауап ретінде өзгеріп отыр. Ақша-кредит саясатында да теңгерімсіздік байқалмайды. Айырбас бағамы айтарлықтай өзгереді деп айтуға ешқандай негіз жоқ", - деді Ұлттық банктің төрағасы. 

Ал осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа теңгенің әлсіреу себебін айтып берген болатын. Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасына Ұлттық банктің ағымдағы қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары туралы, сонымен қатар елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети