30 қыркүйек 2016 | 15:56

Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа валюта нарығындағы жағдайды баяндады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Ақышев Елбасыға Ұлттық банктің қазіргі қызметі туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қаржы нарығын реттеуші ретіндегі Ұлттық банк жұмысының маңыздылығына назар аударды.

Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына валюта нарығы мен инфляция үдерістеріндегі жағдай туралы мәлімдеді.

"Биылғы 8 айда инфляция 5,4 пайыз болды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын іске асыруда. Мұнай бағасы мен Ресей рублі бағамының тұрақтануы жағдайында валюта нарығындағы ахуал қалыпқа түсті", - деді Данияр Ақышев.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютадағы депозиттер санының артқанын айтты. Сондай-ақ, несиелендіруді жандандыру үдерісінде оң қарқын байқалады. Атап айтқанда, жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік секторын несиелендіру 35 пайызға артқан.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ал 29 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінде Данияр Ақышев валюта нарығындағы ахуал қалыпқа келгенін айтты. "Теңгенің басқа валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруі сыртқы ортаның өзгеруіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, бұл белгіленген бағам кезінде орын алған теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды", - деді Ұлттық Банк басшысы. Сонымен қатар, Данияр Ақышев айырбастау бағамының еркін өзгеруі отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз ететіні және тауарлардың, сол сияқты көрсетілетін қызметтердің импорт алмасуын ынталандыратынын атап өтті.

Еске салайық, осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа теңгенің әлсіреу себебін айтып берген еді. Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасына Ұлттық банктің ағымдағы қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары туралы, сонымен қатар елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады. Елбасы ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету, республиканың банкі жүйесін дамыту және екінші деңгейлі банктер арқылы экономиканы несиелендіру көлемін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ теңге бағамымен байланысты жағдайға қатысты тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, Ұлттық банктің төрағасы елдегі инфляция үдерістерін ұстап тұру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс туралы мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer