Алматы облысында болған жол апатынан бес адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында болған жол апатынан бес адам қаза тапты © Tengrinews.kz

Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апатынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ірі жол-көлік оқиғасының 27 қазанда кешкі уақытта Алакөл ауданынан өтетін республикалық автожолдың учаскесінде болғаны анықталды.


Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл деректі растады. Олардың мәліметінше, жол апаты Алматы-Өскемен тас жолының 526-шы шақырымында болған. Geely SC 7 мен Toyota Camry көліктері соғысқан.

Ауруханаға жеткізілгендердің ішінде екі бала бар. Олар түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 

"Жол-көлік оқиғасына қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары облыстық тергеу басқармасындағыларға тапсырылды", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +29
Ақтау +29
Ақтөбе +31
Атырау +25
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +29
П
Павлодар +31
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +27
О
Орал +30
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер