08 қараша 2016 | 12:27

Қырғызстанда қайтыс болған науқастар қазақстандық дәріні пайдаланбаған - дәрігерлер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандағы инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының басшылары Қырғызстанның Бас прокуратура өкілдерінің екі қырғызстандық азаматтың туберкулезге қарсы қазақстандық дәріні пайдаланғаннан қайтыс болғаны туралы мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының басшылары Қырғызстанның Бас прокуратура өкілдерінің екі қырғызстандық азаматтың туберкулезге қарсы қазақстандық дәріні пайдаланғаннан қайтыс болғаны туралы мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан дәрігерлерінің қорытындысына сәйкес, екі науқастың бірі 2014 жылы, ал екіншісі 2016 жылы қайтыс болған. Олар туберкулез дертіне шалдығып, ауруы асқынғандықтан көз жұмған.

"Туберкулезден қайтыс болған науқастар ФС-1 дәрісін қабылдамаған", - деп мәлімдеген болатын халықаралық сарапшылар мен осы дәріні шығарғандар Алматыда өткен арнайы баспасөз конференциясында.

"Қырғызстанда қаза тапқан науқастар ФС-1 дәрісін емес, плацебо деген дәріні қабылдаған. Сондай-ақ, қаза тапқан науқастардың бірінде туберкулезге қарсы қолданылатын циклосерин мен протионамид дәрілерінің кері әсер бергені тіркелді. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің көбісінің кері әсер беріп жататыны белгілі", - деп түсіндірді ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі Марат Құлманов.

Айта кетейік, 2014 жылға дейін қазақстандық дәрі тек Қазақстан Республикасының аумағында зерттеліп, қолданылған. Ал 2014 жылдан бастап Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ресми түрде өз аумағында ФС-1 дәрісін қолдануға рұқсат берді. "Осы уақытқа дейін Қазақстанда да, Қырғызстанда да ФС-1 препаратын қолданғаннан кейін кері әсер болған емес", - деп хабарлады сарапшылар.

Еске салайық, Қырғызстанның бас прокуратурасы елдің Ұлттық физиатрия орталығында пациенттердің өліміне әкелген қазақстандық туберкулезге қарсы дәріні заңсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Ведомство мәліметінше, ұлттық физиатрия орталығы мен дәрі-дәрмек және медециналық техникамен қамтамассыз ету департаментінің қызметтік тұлғаларына қатысты ФС-1 туберкулезге қарсы дәрісін заңсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Қырғыз Республикасының бас прокуратурасы Ұлттық физиатрия орталығы мен дәрі-дәрмек және медециналық техникамен қамтамассыз ету департаментінің қызметтік тұлғаларына қатысты ФС-1 туберкулезге қарсы дәрісін заңсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer