24 қазан 2016 21:48

Қырғызстанда қазақстандық дәріні пайдаланған науқастар көз жұмған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Medafarm.ru © Medafarm.ru

Қырғызстанның бас прокуратурасы елдің Ұлттық физиатрия орталығында пациенттердің өліміне әкелген қазақстандық туберкулезге қарсы дәріні заңсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғыз Республикасының бас прокуратурасы Ұлттық физиатрия орталығы мен дәрі-дәрмек және медециналық техникамен қамтамассыз ету департаментінің қызметтік тұлғаларына қатысты ФС-1 туберкулезге қарсы дәрісін заңсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Тергеу кезінде анықталғандай, орталық дәрігерлері "Дәрілік заттар туралы" заңды бұза отырып, ФС-1 дәрісіне клиникалық сынақ жасау туралы Қазақстан Республикасының "Жұқпалы ауруларға қарсы дәрі-дәрмектердің ғылыми орталығы" акционерлік қоғамымен келісімге отырған.

Клиникалық сынақ өкпе тубуркулезіне шалдыққан және дәрілік төзімділігі бар  54 науқасқа жүргізілген. "Дәріні қолдану кезінде 10 науқаста үстеме әсер пайда болған, сонымен қатар екі адам көз жұмған", - делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық іс "қызметтік бабын асыр пайдалану" және "қызметтік алдау" баптары бойынша қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети