25 қазан 2016 14:19

Министр Қырғызстанда қазақстандық дәріні пайдаланған науқастардың қаза болуы жайында пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

ҚР  денсаулық сатау және әлеуметтік даму министрі Қырғызстандағы ауруханада қазақстандық дәріні қолданғаннан кейін пациенттердің көз жұмуы оқиғасына байланысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР  денсаулық сатау және әлеуметтік даму министрі Қырғызстандағы ауруханада қазақстандық дәріні қолданғаннан кейін пациенттердің көз жұмуы оқиғасына байланысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тамара Дүйсенованың айтуынша, дәрі енді ғана жасалып, клиникалық зерттеуден өткізіліп жатыр. Министр дәріні өндіруші жеке фирма екенін және ары қарайғы жұмыстарды фирманың өзі жүргізетіндігін айтты.

"Біріншіден, туберкулезге қарсы бұл дәрі енді ғана жасалды және осы ғылыми орталықпен ендіріліп жатыр. Бұл жеке ұйым. Іс-жүзінде пайдаланар алдында ол алдымен зертханалық тексеруден өтеді. Зертеу өткізген ұйым келісім берген болып есетеледі. Сондықтан, бұл осы дәріні шығарған және осы дәрінің клиникалық зерттеуіне қатысушы компания арасындағы өзара әрекеттестік", - деді министр журналистерге.

Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова дәрі-дәрмек туралы бұл ақпаратты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қарауға алатындығын мәлімдеді. 

"Дәріні жалпылық пайдаланға шығару үшін, әрбір дәрі 15-20 жыл түрлі клиникалық зерттеуден өтеді. Бұл жеке ұйым дәріні түрлі мемлекттерде пайдаланып көруде. Бұл дәріні басқа да мемлекеттерде пайдаланғаны есімде, Германияда көрсеткен. Бұл мәелені бізге де қарауға алу керек болар", - деді ведомство басшысы. 

Еске салайық, Қырғызстанның бас прокуратурасы елдің Ұлттық физиатрия орталығында пациенттердің өліміне әкелген қазақстандық туберкулезге қарсы дәріні заңсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Ведомство мәліметінше, ұлттық физиатрия орталығы мен дәрі-дәрмек және медециналық техникамен қамтамассыз ету департаментінің қызметтік тұлғаларына қатысты ФС-1 туберкулезге қарсы дәрісін заңсыз клиникалық сынақтан өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети