Синоптиктер ақпанда қандай ауа райы болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер ақпанда қандай ауа райы болатынын айтты © Тұрар Қазанғапов

Ресей аумағынан көшкен антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, айдың басында және келесі аптаның ішінде белсенді циклондардың әсерінен ауа-райының бұзылуы: жауын-шашын (еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында), - республиканың солтүстік бөлігінде желдің 15-25 м/с дейін күшейеді және бұрқасын, оңтүстік бөлігінде тұман және көктайғақ болады деп күтілуде. 

3-6 ақпанда және айдың ортасында Қазақстан аумағы бойынша Ресейдің Еуропалық бөлігінен суық антициклонның ауысуы бұлттардың сейілуін және температураның төмендеуіне алып келеді. Солтүстік бөлікте түнде 22-32 градусқа дейін аяз, күндіз 15-22 аяз, ал оңтүстік бөлікте түнде 10-20 градусқа дейін аяз, күндіз минус 5-15 болады.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес үшінші онкүндіктің басында да суық болады деп күтілуде, бұл суық антициклонның келуімен байланысты. Қалған күндері белсенді циклондардың қосылуымен және олармен байланысты фронтальды бөліктермен ауа-райы жаңбырлы, бұлтты болады.

Нәтижесінде айдың орташа ауа температурасы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Қарағанды облысының басым бөлігінде климаттық шекте, ал республиканың қалған бөлігінде нормадан 1°С-қа төмен болады.

Айлық жауын-шашын көлемі Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде нормадан төмен; қалған аумақта - норма шегінде болады деп болжанып отыр. 

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +17
Ақтау +26
Ақтөбе +21
Атырау +24
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +19
П
Павлодар +19
Петропавл +19
С
Семей +18
Т
Талдықорған +23
Тараз +23
Түркістан +16
О
Орал +14
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер