Қазақстанда 2016 жылы әйелдерге қатысты қанша қылмыс жасалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2016 жылы әйелдерге қатысты  қанша қылмыс жасалды? © amur.info

Қазақстанда 2016 жылы әйелдерге қатысты 124 мың 298 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сайтында айтылады.


Комитеттің мәліметінше, әйелдерге қатысты тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны - 124 298. Олардың - 12 531-і ауыр емес, 98 384-і - орташа ауыр, 5870-і - ауыр, ал 476-сі аса ауыр қылмыс түрлері.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде әйелдерге қатысты 216 кісі өлтіру дерегі тіркелген. Сондай-ақ, жасалған қылмыстардың 12-сі - абайсызда кісі өлтіру; 197-сі - өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу; 290-ы - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; 1244-і - денсаулыққа орташа ауыр зиян келтіру; 421-і - қоқан-лоқы көрсету; 15-і - иммунтапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру; 17-сі - адам өміріне қауіп төндіру; 1606-сы - зорлау деректері; 299-ы - сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер; 448-і - 16 жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық мәндегі әрекеттер; 128-і - кәмелетке толмағандарды азғындау; 38-і - адам ұрлау; 75-і - заңсыз түрде бостандыққа шығару; 2-і - психиатрлық стационарға заңсыз орналастыру; 13-і - адам саудасымен айналысқандар.

Комитеттегілердің мәліметінше, аналардың жаңа туған сәбиін өлтіруіне қатысты 7 кісі өлтіру дерегі тіркелген.

Сондай-ақ, отбасыға және кәмелетке толмағандарға жасалған 501 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Олардың 7-і - кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу , 5-і - кәмелетке толмағандарды саудаға салу, 465-і - балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата- аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден əдейi жалтару.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +27
Ақтау +30
Ақтөбе +27
Атырау +32
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +31
П
Павлодар +22
Петропавл +32
С
Семей +28
Т
Талдықорған +26
Тараз +31
Түркістан +31
О
Орал +28
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер