Билли Джо Сондерс Қазақстанда Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билли Джо Сондерс Қазақстанда Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты © vk.com/ggolovkin

WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ұлыбританиялық боксшының ойынша, Головкин ең күшті бабында емес. 

"Головкин қартайып жатыр, оның жасы 35-ке келді. Ол өзінің қарапайым адам екенін көрсетті. Оның арманындағы жекпе-жек - ол менімен жұдырықтасу. Мен оның өз еліндегі ең қорқынышты түсі боламын. Мен "Твиттерде" Том Леффлермен сөйлестім, ол маған келісімшарттың бір апта бұрын дайын болғанын айтты. Мен Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайынмын. Мен сіздерге сөз беремін, мен онымен 11 аптадан кейін жұдырықтасуға дайынмын. Бірақ олар егерде 5-6 апатдан кейін шық деп ұсыныс тастайтын болса, мен шықпаймын. Көп адмдар менің құлағанымды көргісі келеді. Сол себепті көрелік, кімнің құлайтынын. Әзірше мен жаттығу жасап жүрмін", - деді Сондерс.

"Егер келісімшарт осы аптада дайын болмаса мен басқа бағытпен барамын. Кәсіптің аты кәсіп. Бұрындары мен жекпе-жекке шығуға қарсы болдым, себебі олардың ұсынысы тым ақылсыз болды. Қазір бәрі өзгерді, ұсыныстары да жақсы. Бірақ мен көп күте алмаймын. Головкинге дейін бірде бір жекпе-жек өткізбеймін. Осыны ұйымдастырайық", - деді ол. 

34-жастағы Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иесі. Абсолютті әлем чемпионы атағын иелену үшін 27-жастағы Сондерстің WBO белбеуі ғана жетпейді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

"Қазақстан" телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі екен.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +26
Ақтау +31
Ақтөбе +26
Атырау +33
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +29
П
Павлодар +21
Петропавл +31
С
Семей +28
Т
Талдықорған +24
Тараз +30
Түркістан +30
О
Орал +27
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер